Қазақстанның оңтүстігі неге жарықсыз қалды?

Қысқа сілтеме алу
Жақында төрт бірдей оңтүстік өңір тұроғындары жарықсыз қалған болатын. Энергетика министрлігі себебін анықтап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. «KEGOC» АҚ ұлттық операторы елдің оңтүстігіндегі елдімекендерге жарық берілгенін хабарлады.
Жақында Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары жарықсыз қалған болатын.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, желіде «KEGOC» ұлттық операторының 500 кВ-ы сөндірілгендіктен, төрт облыстың тұрғындары жарықсыз қалған.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда полиция «Хан Шатырды» қоршап алды
«Қазіргі уақытта шектеу алынды, электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Абоненттерді қосып жатырмыз», — деді баспасөз қызметі.
Мамандар себебін анықтап жатыр.
sputniknews.kz