Қазақстанның медиа альянсы Sputnik Эстонияға қатысты жағдайға пікір білдірді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің бірі журналистердің қызметін шектеуді әлсіз және қате ұстаным деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан медиа альянсының жетекшісі Арманжан Байтасов Sputnik Estonia агенттігінің қызметкерлеріне жасалған қоқан-лоққыға қатысты пікір білдірді. Ол елдер арасындағы даулы мәселелер БАҚ өкілдерінің жұмысына кедергі келтірмеуі керек деп санайды.

«Әрине, ел деңгейінде түсініспеушіліктер туындаған кезде әр түрлі жағдайлар болады. Бірақ бұл еш уақытта журналистердің сапалы жұмысына әсер етпеуі керек. Журналистердің қызметін шектеу, шынын айтсам, өте әлсіз, қате позиция. Себебі біз не болып жатқанын көрсету үшін жұмыс істейміз. Біз қоғам үшін жұмыс істейміз, журналистер ақпарат беруі тиіс», — деді Байтасов Sputnik Эстониямен байланысты жағдайға қатысты пікірін сұраған Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Бұған дейін Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев Sputnik журналистерін қылмыстық қудалаумен қорқыту халықаралық құқықтың барлық нормасын бұзады және сөз бостандығын шектейді деп мәлімдеген еді.

«Мен ылғи айтамын, еркін баспасөз – биліктің оппоненті. Ал Эстонияның баспасөзі еркін деп ойлаймын. Әрине, билікке ондай баспасөз ұнамайды. Журналистердің құқықтарын қорғау қажет», — деп атап көрсетті Матаев.

Sputnik Estonia журналистері қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Айта кетейік, Sputnik Эстонияның журналистеріне қатысты дау-дамай күш құрылымдарының ультиматумынан кейін басталды. Оған сәйкес, жергілікті журналистер «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінен кетуі керек. Осы талапқа бағынбаса, түрмеге тоғытылады.

«Россия сегодня» ХАА мен RT телеарнасының редакторы Маргарита Симоньян Эстонияның басшысы Керсти Кальюлайдқа үндеу жолдап, көмек сұрады.



sputniknews.kz