Ақтөбеде жабайы қабанды күрекпен ұрып өлтіргендер ұсталды

0
18

Белгісіз біреулер»Лада-21214″ маркалы көлігімен жабайы қабанды соғып, күрекпен аяусыз соққыға жыққан

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысында жабайы қабанды күрекпен ұрып өлтірген адамдар ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкентте ветеринарлар иттерді балалардың көзінше атқан 

Ақтөбе облысы табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Ватсап» әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында белгісіз біреулердің «Лада-21214» маркалы көлігімен жабайы қабанды соғып, күрекпен ауыр соққыға жыққанын анықтаған.

«Тексеріс нәтижесінде аталған видео осы жылдың 16 желтоқсанында Алға ауданы аумағында түсірілгені белгілі болды. Аталған факті бойынша жергілікті екі тұрғын ұсталды, олар кінәсін мойындады», – делінген хабарламада.

Олар Алға қаласынан шамамен 25 шақырым жерде жабайы жануарды қағып, жол жиегіне қарай қашқан  жануарды көлікпен қуып жетіп, күрекпен өлгенше ұрған.

Аталған факті бойынша заңсыз аң аулау және жануарларға қатыгез қарау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз