Қазақстанның футбол құрамасы Ресейге өз алаңындағы матчта ұтылып қалды – Қазақстан жаңалықтары

0
170

Қазақстанның футбол құрамасы Ресейге өз алаңындағы матчта 4:0 есебімен ұтылып қалды. Матч Евро-2020 чемпионатына іріктеу мақсатында өтті. Бұл туралы Vesti.kz басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды

Қазақстанның футбол құрамасы Ресейге өз алаңындағы матчта

фото: vesti.kz/ Тұрар Қазанғапов

К тобының екінші турдағы ойыны 24 наурыз күні «Астана Арена» стадионында өтті. Ойын 0:4 есебімен аяқталды.

Ойынның 19-шы минутында Ресей құрамасының және испаниялық «Валенсияның» жартылай қорғаушысы Денис Черышев гол салды. Матчтың басталғанына жарты сағат болғанда футболшылар ауысты. Қорғаушы Юрий Логвиненконың орнына алаңға Ян Вороговский шықты.

Бірінші таймның аяқталуына аздаған уақыт қалғанда Черышев команда капитаны Артем Дзюбаның көмегімен дубль жасады.

Екінші таймда олар орындарымен ауысты. 52-ші  минутта Черышев допты Дзюбаға берді. Дзюба үшінші голын салды. Форвард үшін бұл доп 25 қазаннан бері қарай алғанда бірінші саналады. Оның «құрғақ» сериясы 16 матчта 1308 минутты құрады.

62-ші минутта Абзал Бейсбеков қарсылас команданың соққысын бөгеймін деп допты өз қақпасына бағыттады. Осылай ресейлік футболистердің қоржынына бір ұпай салынды. Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, матчқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және өзге де ресми өкілдер қатысты.

stan.kz