«Қазақстанның Еңбек Ері» иегерлері аталды — Ел жаңалықтары

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі «Қазақстанның Еңбек Ері» және айрықша ерекшелік белгісі Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсыру туралы жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекеттік сыйлықтар Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы Бәйменова Құралай Базарбайқызы, Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі Соловьева Алина және Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Шәушен» ШҚ басшысы Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлына берілді.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz