Қазақстанның екі қаласында қоғамдық моншалар іске қосылады  

0

Елордада жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында санитариялық талаптарды орындамағаны және бұзғаны үшін 15 құрылыс нысанының жұмысы тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Петропавлда сауда-ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық моншалардың қызметін іске қосу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

Коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігіне тоқталды. Себебі қарантин шараларын жеңілдету кейбір өңірлерде ауруды жұқтыру санын көбейтіп отыр.

«Осыған орай өңірлерде қызметіне қайта кіріскен объектілерде санитариялық талаптардың орындалуына қатаң бақылау ұйымдастыру тапсырылды», – деп жазды үкімет басшысының ресми сайты.

Тек Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында санитариялық талаптарды орындамағаны және бұзғаны үшін 15 құрылыс нысанының қызметі анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше тоқтатылды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда мешіттер мен дәмханалар ашылды – видео

Сонымен қатар қолайлы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның шешімімен 2020 жылдың 20 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан мен Петропавл қалаларында сауда-ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық алаңдары, фудкорттар, кинотеатрлар іске қосылмайды), қоғамдық моншалардың қызметін іске қосу туралы шешім қабылданды.

Ресей Федерациясынан мыңға тарта Қазақстан азаматын, оның ішінде сол жақта оқитын студент жастарымызды елге қайтару мәселесі қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бірнеше нақты тапсырма берді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз