Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

286 0 0

Қызылорда облысындағы өзендер арнасынан асуы мүмкін, ал Маңғыстау облысында көктайғақ болып, қатты жел соғады

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. «Қазгидромет» Қызылорда және Маңғыстау облысында дабылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, 26 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

«26-28 желтоқсан аралығында Қызылорда облысы аумағында Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының құбылуына байланысты өзендердегі су деңгейі көтеріліп, арнасынан асуы мүмкін», — деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ ертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа күшейеді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 25-27 желтоқсан аралығында солтүстік орталық және шығыс облыстарда түнгі температура минус 32…37°С дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40°С дейін күшейетінін мәлімдеген еді. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз