Қазақстанның бірқатар аймақтарында аптап ыстық болады – синоптиктер – Қазақстан жаңалықтары

0
1
Advertisement

Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірлерінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қазіргі онжылдық адамзат тарихындағы антропогендік көміртегі диоксиді шығарындыларына байланысты ең ыстық болды деп мәлімдеді.

3-4 маусым күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 47 градус қатты ыстық болады.

3 маусымда Қызылорда облысында оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

3 маусым күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Жел қарқыны – 15-20 м/с. 35-37 градус аптап ыстық болады.

3 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

3-4 маусымда Алматы облысында 35-38 градус аптап ыстық сақталады.

3 маусым күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 38 градус аптап ыстық болады.

 

  

 

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз