Қазақстанның бірнеше өңірінде жолдар жабылды
Қысқа сілтеме алу
Бірқатар республикалық маңыздағы тас жолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды, бұған дейін синоптиктер дабылды ескерту жариялаған еді
НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар облыста тас жолдар жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Сағат 17:30-дан бастап көктайғақ пен қатты желге байланысты республикалық маңыздағы «Нұр-Сұлтан – Петропавл» (Нұр-Сұлтан-Щучье, 18-231 шақырым) автожолының учаскесінде барлық көлік үшін қозғалыс тоқтатылды.
16:00-ден Ақмола облысында қар, жел және көктайғаққа байланысты республикалық маңыздағы автожолдарда көліктің барлық түрі үшін жол жабылды:
- республикалық маңыздағы «Жезқазған-Петропавл» тас жолы (377-595 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы – СҚО шекарасы);
- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті);
- «Жақсы-Есіл-Бұзылық» (0-82 шақырымы, Жақсы кенті – Бұзылық кенті);
- «Екатеринбург-Алматы» (856-1141 шақырымы, СҚО шекарасы – Новочеркасск ауылы).
17:00-ден Қостанай облысында бұрқасын мен жолдың нашар көрінуіне байланысты автокөліктің барлық түрі үшін «Екатеринбург-Алматы» автожолының 555-729 шақырымы, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (Қостанай қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) тас жолының 7-232 шақырымы жабылды.
17:00-ден Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңыздағы «Екатеринбург-Алматы» (729-856 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы – Ақмола облысының шекарасы), «Жезқазған-Петропавл» (595-701 шақырымы, Новоишимское ауылы – Ақмола облысының шекарасы) тас жолдарында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.
18:00-ден Шығыс Қазақстан облысында жабысқақ қарға байланысты республикалық маңыздағы автожолдарда жолаушылар көлігі үшін қозғалыс шектелді:
- «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» (15-105 шақырымы, Белоусовка ауылы –Риддер қаласы);
- «Өскемен – Алтай–Қатонқарағай – Рахман қайнары» (6-166 шақырымы, Ушанов ауылы – Алтай);
- «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» (15-102 шақырымы, Глубокое кенті – Шемонаиха қаласы).
sputniknews.kz