оқытушының жантүршігерлік қылмысы әшкере болды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Доценттің пәтерін тінту барысында әйелдің денесі мен қанға боялған ара табылды, қазір күдікті қамауда

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Ресейде тергеушілер рюкзагынан әйелдің кесілген қолдары табылған ер адамды ұстады.

Бұған дейін тергеу органдары ер адамды Мойка өзенінен шығарып алғаннан кейін, қылмыстық іс қозғаған болатын. Оның сөмкесінен әйелдің кесілген қолдары мен травматикалық тапанша табылған, деп хабарлайды РИА Новости.

«Қазір ер адам күдікті ретінде ұсталды. Оны қамауға алу және айып тағу мәселесі шешіліп жатыр», — деп мәлімдеді Санкт-Петербургтің тергеу басқармасынан.

«Фонтанка» интернет басылымының ақпаратынша, күдікті Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің доценті Олег Соколов болуы мүмкін. Газеттің мәліметіне сүйенсек, оқытушының пәтерін тінту барысында «әйелдің денесі, басы мен қанға боялған ара» табылды.

Тағы оқыңыз: «Анашым, кешір»: жүк көлігінде өлі табылған 39 адамның соңғы жазбалары жарияланды

Университет әкімшілігі бұл хабарды естіп есеңгіреп қалғанын мәлімдеді. Жоғары оқу орны марқұмның жақындарына көңіл айтты.

Алдын ала мәлімет бойынша, өлген әйел доценттің бұрынғы оқушысы Анастасия Ещенко болуы мүмкін.



sputniknews.kz