Қазақстандықтар жүргізу куәлігін және техпаспортты алмай ақ жүре беруіне болады
Қазақстандық жүргізушілер жүргізуші куәлігін алып жүру міндетінен босатуды жоспарлап отыр.
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қолға алды.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусиннің айтуынша, заң жобасы көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін дайындалған.