Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады

Қыстың алғашқы айында қазақстандықтардың 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
Сенбі және жексенбіден бөлек, қазақстандықтар сейсенбі, 1 желтоқсанда демалады. Бұл — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар төрт күн — 16, 17, 18, 19 желтоқсан демалады. Сонымен қатар, 18 желтоқсандағы демалыс күні жексенбі, 20 желтоқсанға ауысады.