Қазақстанда Covid-ке шалдыққандар ресми деректен 37 есе көп

0
211
Advertisement

«Сандж» зерттеу орталығы Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың шынайы санын зерттеу мақсатында сауалнама жүргізіп, Covid жұқтырғандар билік статистикасындағы науқас санынан 37 есе көп екенін анықтаған.

Бұл туралы KzNews.kz ақпараттық агенттігі Азаттық сайтына сілтеме жасап жасап хабарлайды.

Елдің барлық аймағынан іріктелген 9 282 адамды қамтыған сауалнама 1 қыркүйекке дейін халықтың 20 пайызы немесе 3,8 миллион адам коронавирус ауруына шалдыққанын көрсетіп отыр. Сарапшылар сондай-ақ пандемияның тұрмыстық салдарын да назарда ұстаған.

Зерттеудің басты цифры: биылғы қыркүйекке дейінгі жағдай бойынша Қазақстан халқының 19,2 пайызы, яғни 3 млн 757 мыңдай адам Covid не симптомдары соған ұқсас аурулармен ауырып шыққан. Бұл Қазақстандағы ресми статистика көрсеткішінен 37 еседей көп. Ауырғандардың көбі түрлі себептермен ресми түрде диагноз қойғыза алмаған. Оның басты себебі – денсаулық сақтау мекемелеріне тым көп салмақ түсуі және диагностика мүмкіндіктерінің шектеулілігі.

«Тек ауыр науқастарды есептесек, бір сәтте бізге стационарларда шамамен 146 мың орын керек болады. Қазір мұндай орындар саны – 49 мың, ал ресми статистика республикадағы барлық төсек саны 90 мың екенін айтып отыр. Демек, бізге кемінде тағы 96 мың орын керек болады. Сондықтан 2700 орынды қамтитытын 13 жаңа аурухана модулін салу шешімі орынды, дегенмен Covid-пен түскен науқастарды қабылдайтын ауруханаларды неғұрлым көп жабдықтаған тиімді болар» деп жазады сарапшылар.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз