Қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде несиені қалай төлейді? – Қазақстан жаңалықтары

0
25

Қазақстанда жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен жағдайда өсімпұлды есептеуге тыйым салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кредит

Бұл ретте қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова төтенше жағдай кезінде кепілсіз тұтынушылық несиелеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу мақсатында және одан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық займдары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде пайыздарды есептеуге тыйым салынатынын мәлімдеді.

«Жеке тұлғалардың несиелік тарихын қалпына келтіру үшін, қарыз алушыға мерзімі өткен берешектің 50 пайызынан астамын 12 ай ішінде өтеу және кейіннен міндеттемелерді орындау жағдайында теріс несие тарихын түзету мүмкіндігі беріледі», – деді Әбілқасымова.

Сонымен қатар, егер мерзімін өткізіп алу Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуінен туындаған болса, несиелер мен микрокредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар өндірілмейді.

Азаматтық кодекске сәйкес кредит бойынша міндеттемені орындамаған қарыз алушы төтенше жағдай кезінде мүліктік жауапкершілікке тартылмайды.

«»Осыған байланысты қарыздар мен микрокредиттер бойынша төтенше жағдайды енгізу себебінен туындайтын жеке және заңды тұлғалардың қарыздары және (немесе) микрокредиттері бойынша төлемдерді кешіктірген кезде айыппұлдар және (немесе) өсімақылар ( тұрақсыздық айыбы) есептелмеуге тиіс», – деді Әбілқасымова

Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға тек банктер ғана емес, сонымен қатар барлық микроқаржы ұйымдары (оның ішінде ломбардтар мен кредиттік серіктестіктер, сондай-ақ қарыздар беретін өзге де кредиторлар) берген қарыздарға қолданылады.

Бұған дейін қазақстандық кәсіпкерлерге берілген несиені кейінге қалдыру мүмкіндігі берілгені хабарланды.

stan.kz