Қазақстандықтар қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлерді қатаң жазалауды талап етуде

0

Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 20 млн теңге салған әйелдің өзін-өзі өртеп жіберуінен кейін жарнама туралы заңды пысықтауды талап етуде, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл ұйымды танымал блогерлер мен шоу-бизнес жұлдыздары жарнамалаған.

Facebook қолданушысы Азиза Өтегенова елде пирамидалық схемаларды насихаттаған блогерлерді жазалау үшін жарнама туралы заңды пысықтауға шақырды.

«Қаржы желісіндегі кінәлілер – Instagram блогерлер мен атақты адамдар. Біреуі қашып кетті, біреуі құтылып кетті. Кінәлілер жазаланбады. Жарнама беруші ретінде мен де жарнама туралы заңның тармақтарына блогерлердің жарнамалық ақпаратты таратуда классикалық БАҚ-пен бірдей шектелуіне байланысты түзетулер енгізуді міндетті деп санаймын. Блогерлер теледидар/радио/сыртта/пресс/сандық сияқты позицияны ұстанды. Сондықтан оларды реттеу керек!

Мұндай заттарды теледидарда жарнамаламайды, өйткені заң сақталады. Блогерлер ойына келгенін істеп жүрі. Сыра, арақ, темекі, пирамида, ана сүтін алмастыру, т.б. заттарды жарнамалайды. Мұның артында улану, суицид және басқа да қиындықтар жатыр. Егер блогер заң бұзса, оған бапты айту керек!» деп жазды ол.

Еске салсақ, бір күн бұрын елордада Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында әйел өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Ол әйгілі блогерлер мен шоу-бизнес жұлдыздары жарнамалаған Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 млн теңге салған.

Бұған дейін қаржылық пирамиданы құрып, оны басқарды деген күдікке ілінген Вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланғаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, веинер Мейіржан Төребаев қаржылық пирамиданы құру мен басқаруға қатысы жоқ екенін алға тартты.

(фото: egemen.kz)