Қазақстандықтар неге жаппай шашын тақырлап ала бастады
Қысқа сілтеме алу
Шашын тақырлап алған адамдар әлуметтік желілерде қалай өзгергенін көрсетіп, жаңа челлендж бастап кетті
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Қазақстанда жаңа шаш үлгісі сәнге айнала бастады. Карантиндегі адамдар шашын тақырлап алып жатыр.
Қытайда эпидемия кезінде медицина қызметкерлері гигиена сақтау жеңілірек болуы үшін шашын тақырлап алған болатын.
Қазақстанда бұл әдіске қызығушылық танытушылар күн сайын көбейіп келеді. Сұлулық салондары жабық. Олардың қашан ашылатыны белгісіз. Сондықтан тұрғындар шашын өз үйінде ала бастады.
Елде 16 наурызда төтенше жағдай жарияланып, 19 наурызда Алматы мен астана карантинге жабылған болатын. Кейін өзге өңірлер мен қалалар да бірінен соң бірі жабыла бастады.
Алғашқылардың бірі болып шашты тақырлап алу челленджіне Eurasian Resources Group-тың корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Фатима Қосаева қатысты. Оның шашын күйеуі алған. Сурет желіде 27 наурыз күні жарияланды.
Дәл осы күні астаналық блогер Ерлан Сәкенов те осындай қадам жасады.
sputniknews.kz