Қазақстандықтар латын әліпбиімен диктантты қалай жазды?

0
92

Латын тіліндегі алғашқы диктантқа бір жарым миллионнан астам қазақстандық қатысты.

«Рухани жаңғыру» деп аталатын диктант радиостанциялар мен әлеуметтік желілер арқылы таратылды. Диктанды жазуға жарты сағаттай уақыт кетті.

Ал қазақстандықтар диктантты қалай жазды? Оны Caravan.kz медиа порталының тілшілісі диктант жазғандардан сұрап, олардың пікірлерін біліп көрді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі: Бүгінгі таңда әлем бойынша мінсіз алфавит жоқ. Ағылшын тілінің өзінде жазылу жағдайына қарап оқылуы өзгеріп отырады. Мұндайды неміс, француз алфавитінен де кездестіруге болады. Бүгінгі диктант өз деңгейінде жақсы өтті деп айтуға болады. Мен де үтірі бар әріптерден үш, төрт қате жібердім. Алдағы уақытта мұның барлығы ескеріліп, түзетілетін болады.

Ерзат Қадырбеков, Алматы облысының тұрғыны: Диктантты «Руxани жаңғыру» тақырыбынба жаздық. Онда Елбасымыз латын әріпі жайлы толығырақ айтып өткен. Басында қиын болып көрінген жазу, бірақ альфавитті бірнеше рет мұқият қарап шықсан, ағылшын әріптеріне ұқсас.

Гаухар Медеухан, Атырау қаласының тұрғыны: Рухани жаңғыру туралы. Үйреніп алсаң аса қиын емес, бірақ əріп үстіне қойылатын үтірлері шатастырады, қолайсыз. Білмеймін əйтеуір өзіме ұнаған жоқ. Мына біз қазақтар еріншекпіз ғой ертеңгі күні əріп үстіндегі үтірлерді қоюға ерініп сауатсыз жазамыз ба деп қорқамын. Жалпы өз басыма ұнаған жоқ.

Әсия Пернебек, Түркістан облысының тұрғыны: Диктант жазу өте қиын болды, себебі әріптері мүлдем басқа. Латынға ауыспасақ дұрыс болар еді, дегенмен ата-бабамыздың латын қарпімен жазғанын жақсы білемін. Диктант көпшілік қауымға ұнады, тіпті диктантты жаза алмай қалғандар «осындай диктант тағы да болса екен» – деген пікір білдірді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!