Алладан қайтсын: Қазақстандықтар 9 баласы бар жалғызбасты анаға жабылып пәтер сыйлады

0

Қазақстандықтар отандық қайырымдылық қорына ақша аудару арқылы 9 баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға пәтер алып берді. Қуанышты жаңалықты «Дәулеттен» қоры өзінің желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Бұл — бір жылға толмай Дәулеттің қайырымды оқырмандары бірлесе алған 25-баспанасы.

«Әсия ханым — көпбалалы, жалғызбасты ана. Оның 9 баласы бар. Балаларын жалғыз тәрбиелеп отырса да, осы уақытқа дейін ешкімнен көмек сұрамаған. 16 жыл пәтер жалдап келген. Оқырмандардың арқасында Әсия ханымға 7 миллион теңге жиналды. Көпбалалы ананың қуанышында шек жоқ.

Міне Қарағанды қаласынан төрт бөлмелі жер үй сатып алынды. Сіздердің арқаларыңызда тағы бір отбасыға баспаналы болу бақыты бұйырды. Әрбір оқырманға мың алғыс! Шаңырақтарыңызға құт-береке, бақыт тілейміз! Қуанышты жаңалық көп болсын!» — деп жазды қор иесі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Даулет Мукаев (@dauletten)

Желі қолданушылары жан жылытқан тілектерін жарыса жазып, «Алладан қайтсын» деп көп балалы ананың қуанышын бөлісті.