Стамбұлға ұшқан ұшақ 1,5 сағаттан соң Ақтауға қайтуға мәжбүр болды

0

Ақтаудан Стамбұлға бет алған ұшақ әуеге көтерілген соң араға бір жарым сағат салып әуежайға қайта оралды. Баспасөз қызметі бұған жолаушы денсаулығының нашарлауы себеп болғанын айтты, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Ұшу кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезінген соң, командир әуежайға оралу туралы шешім қабылдады. Ақтауға қайта оралған жолаушыны дәрігерлер күтіп алды. Барлық тиісті ем-дом жасалған соң, рейс бағытын жалғастырды. Жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету біз үшін бірінші міндет», — деді әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Кеменің Ақтаудан сағат 21.00-ден кейін көтерілгені, 1,5 сағаттық ұшудан кейін әуежайға оралып, 23.45-те қонғаны белгілі болды. Денсаулығы нашарлаған жолаушы кәмелеттік жасқа толмаған.