Қазақстандық жүргізушілер қашаннан бастап құжатсыз көлік айдай алады? Министр жауабы – Қазақстан жаңалықтары

0
2
Advertisement

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазақстандық жүргізушілер қашаннан бастап бір ғана құжатпен көлік тізгіндей алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу жеңілдетілді

«Автокөлік құралдарына қатысты құжаттар, жүргізуші куәлігі бойынша ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көктемде бағдарлама әзірлеуді тапсырған еді. Біз оны интеграцияладық. Бүгінгі күні ол бізде бар. Төтенше жағдай кезінде блокпостарда біз оны толықтай сынақтан өткіздік», – деді министр.

Бұған қоса ол қазіргі күні полиция қызметкерлері планшетпен жабдықталғанын атап өтті. 

«Бүгінгі күннің өзінде-ақ біз техникалық тұрғыдан оған көшіп кетуге дайынбыз. Егер жыл соңына дейін заң жобасы Парламенттен өтетін болса, онда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке куәліктен басқа ешқандай құжат алмастан көлік құралымен жүре беруге болады», – деп қосты Тұрғымбаев. 

Еске салайық, бұған дейін шенеунік қанша полиция қызметкері коронавирус жұқытрғаны жайлы айтқан еді. 

 

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз