Қазақстандық студент Қытайда көз жұмды

0
Қазақстандық студент Қытайда көз жұмды


Қазақстандық 23 жасар студент қыз Қытайдың Гуанчжоу қаласында қайтыс болды.

Қайғылы оқиға туралы марқұмның Алматыдағы танысы хабарлады. Оның айтуынша, қыз бала қарашаның 20-нан 21-не қараған түні қайтыс болған.

Қазіргі уақытта Динараның достары мен таныстары қыздың денесін елге алып келу үшін қаражат жинап жатыр екен. Жас қазақстандықтың өлімі туралы хабарды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі растады.

«Қазіргі сәтте елшілік мәйітті Қазақстанға алып келу және қажетті құжаттарды рәсімдеу мәселесімен айналысып жатыр», — деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.