Фируза Шарипованың чемпиондық жекпе-жегі кейінге шегерілді

0

Фируза Шарипованың чемпиондық жекпе-жегі кейінге шегерілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова жарақатына байланысты чемпиондық жекпе-жегін кейінге шегерді. Бұл туралы спортшының баспасөз қызметі хабарлады.

Фируза 22 желтоқсан күні Санкт-Петербургте фин боксшысы Ева Вальстреммен жұдырықтасатын болған. Алайда жаттығу кезінде алған жарақатынан айығу үшін кем дегенде 1 ай уақыт керек екен.

– Фируза жарақат алса да жекпе-жекке шығуға бекінген. Дегенмен дәрежесі жоғары бокс кешінде бақ сынау үшін басымызды бәске тіккіміз келмейді. Жаттықтырушылармен ақылдаса келе жекпе-жекті кейінге шегеруді ойластырдық. Денсаулығына байланысты дәрігерлердің айтқанына қараймыз.  Беделді ұйымның чемпиондық атағын жеңіп алу мүмкіндігін уыстан шығарғымыз келмеген. Ева Вальстрем командасына жаңа уақытты белгілеу жайында құлақтандырдық. Дайындығына кеткен шығынды жартылай өтейтінімізді де жеткіздік. Ол арада өзге жекпе-жекке келіспейді деп ойлаймыз, – деген қазақстандық боксшының менеджері Сергей Завилейский.

Екінші жеңіл салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы қыз қазіргі таңда IBО чемпиондық атағына ие. Ал финляндиялық боксшының еншісінде WBC чемпиондық белбеуі бар. Жекпе-жекке екі чемпиондық атақ та тігілетіні айтылған еді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз