Қазақстандық спортшы бокстан әлем чемпионатының финалына шықты

0

81 келіден жоғары санатта өнер көрсеткен Ләззат Күнгейбаева Әзербайжан өкілі Айнұр Рзаеваға қарсы рингке шығып,  төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. 

Осылайша , Қазақстанның 11 дүркін чемпионы, Азия чемпионы-2021 және әлем чемпионы-2016 болып табылатын Ләззат Күнгейбаева тағы да «әлемдік чемпионы» атағына күресетін болады.

Нью-Делиде өтіп жатқан әлем чемпионаты қазақстандықтарға 4 медаль әкелді: Надежда Рябец (66 кг) , Алуа Балкибекова (48 кг), Валентина Халзова (75 кг) және Фариза Шолтай (81 кг) қола медаль жеңіп алды.

Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz