Қазақстандық мемлекеттік қызметшілер олармен жұмыс істейтін туыстары жайлы хабарлауға мәжбүр болады — Қазақстан жаңалықтары
Мәжіліс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов заң жобасының негізгі жаңалықтары туралы айтты.
«Мемлекеттік лауазымға немесе оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамдарға ұйым басшылығына осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы туралы жазбаша түрде хабарлау міндеті енгізіледі», — деді Олжас Бектенов пленарлық отырыста.
Бұған дейін ол, азаматтық кодекс сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған адамдарға кез келген құнды сыйлықтар беруге тыйым салу жайлы айтқан еді.
stan.kz