Мәжіліс депутаты Ұлттық қордың ақшасына алаңдаушылық білдірді

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Депутат 2020 жылы Ұлттық қордағы ақша 3,7 триллион теңгеге азаятынын ескертті. Қазіргі жағдай бойынша 57,5 миллиард доллар жиналған

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов үкіметті Ұлттық қордың ақшасын үнемдеуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақша 3-4 жылда таусылуы мүмкін

Депутаттың айтуынша, мұнай бағасының құлдырауы ел экономикасына теріс әсер етіп отыр. Бюджет шығыны өскенін ескерсек, биыл мұнай емес тапшылық 7,5 триллион теңгеге дейін ұлғаяды.

Ұлттық қордың түсімдері 3,3 триллионнан 1 триллион теңгеге дейін түседі. Ал ұлттық қордан бюджетке бағытталатын трансферт, керісінше, 2,7 триллион теңгеден 4,8 триллион теңгеге дейін артады.

Оқи отырыңыз: Елбасы халықты арзан әңгімелерден аулақ болуға шақырды 

Депутат соның салдарынан 2020 жылы Ұлттық қордағы ақша 3,7 триллион теңгеге азаятынын ескертті. Қазіргі жағдай бойынша Ұлттық қорда 57,5 миллиард АҚШ доллары жиналған.

«Мұнайдың арзандауы, іскерлік белсенділікті мемлекеттен субсидиялау, бизнес үшін салық жеңілдіктерін ұлғайту бюджетті әжептәуір шығынға ұшыратады. Сырттан қарыз алу жағдайды одан сайын ушықтырып жібереді. Ұлттық қордың активтерін осындай жылдамдықпен ала берсе, ақша небәрі 3-4 жылдың ішінде таусылып қалуы мүмкін»,  – деді Жамалов үкіметке жолдаған депутаттық сауалында.

«Бюджет шығынын қысқарту қажет»

Ұлттық қордағы ақшаны сақтап қалу үшін депутат бюджет шығынын айтарлықтай қысқартуды ұсынды.

Жамалов үкіметке дағдарыс кезінде өткен жылдардың қателігін қайталамауға кеңес берді. Айтуынша, дағдарыс кезеңінде түрлі бағдарлама арқылы бизнесті жеңілдікпен мемлекеттен қаржыландыру үшін инвестицияны ұлғайта бермеу қажет.

Себебі, іс жүзінде тек іріктелген компаниялардың шағын тобына ғана қолдау көрсетіледі.

«Мәселен, өткен жылдары бесжұлдызды қонақ үйлер, қымбат мейрамханалар, автоорталықтар, медицина орталықтары, автобус парктері, таксопарктерге несие берілді. Қазір де, үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары аясында тағы осы компаниялар жүр. Бұл әлеуметтік желілер мен бизнес қауымдастықтың өзінде теріс резонанс туғызды», – деді мәжілісмен.

Жамалов бұл жолғы дағдарыс ұзаққа созылатынын және осы уақыт бойы экономикаға ақша құю мүмкін болмайтынын атап өтті.

«Сол себепті тез арада бюджеттік қаржыландырудың орнына банктік кредиттеу рөлін жандандыру қажет. Банктік кредиттеу бюджеттен ешқандай субсидиясыз қолжетімді болуы тиіс», – деді ол.

Осы орайда депутат Ұлттық банкке базалық ставканы кезең-кезеңмен төмендетуді ұсынды.

«Меніңше, Қазақстанның ұлттық банкі экономиканы 3-4%-пен кредиттеу мақсатында базалық ставканы төмендету үшін барлық мүмкіндікке ие», – деді ол.

Осыған байланысты Жамалов Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына қор ақшасын пайдалануды шектеу туралы түзетулер әзірлеуді ұсынды.

Сонымен қатар, бюджеттік және квазибюджеттік инвестициялық жобаларға ревизия жүргізіп, тиімділігін бағалау қажет екенін мәлімдеді.

Ұлттық банкпен бірлесіп банктен кәсіпкерлер мен бизнеске 3-4%-пен кредит беру бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз