Қазақстандық компания 2021 жылдың үздік жұмыс берушісі сертификатын иеленді
Қазақстанда мыңдаған кәсіпорындар жұмыс істейді, алайда олардың тек 6-ы ғана Top Employers Institute-тен беделді халықаралық сертификатты иеленді.
Top Employers Institute (Үздік жұмыс берушілер институты) – бұл әлемдегі үздік жұмыс берушілерге жыл сайын зерттеу жүргізетін Амстердамда орналасқан тәуелсіз ұйым. Фармацевтика, тамақ өнеркәсібі және темекі саласындағы қазақстандық компаниялар 2021 жылдың Top Employer сертификатын алды.
«Филип Моррис Қазақстан» (ФМҚ) компаниясы пандемияның қазіргі күрделі кезеңіне қарамай, кадр саясатына тиісті көңіл бөліп, өз қызметкерлерінің жайлы жұмысы мен кәсіби дамуы үшін жағдай жасай алатынын растай алды, тиісінше алтыншы жыл қатарынан үздік жұмыс берушінің сертификатына ие болды.
Top Employers Institute бас директоры Дэвид Плинк атап өтті: «Бүкіл әлемдегі компанияларға әсер еткен қиын жылға қарамастан, «Филип Моррис Қазақстан» өз қызметкерлерін бірінші орынға қоя білу ниетін көрсетуді жалғастыруда».
«Филип Моррис Қазақстан» компаниясында персоналды бейімдеу мен дамыту, оларды тұрақты жетілдіру мен қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жиналған практикалардың арқасында компанияның бірнеше жыл бойы Top Employer сертификатын алу мүмкіндігіне ие болғаны атап өтілді. Олардың ішінде, мысалы, компания HR департаментінің ноу-хауы – Buddy бейімдеу бағдарламасын айта кеткен жөн, оның аясында қызметкерлер арасынан шығатын тәлімгер жаңа жұмыс орнымен және корпоративтік мәдениетпен танысу процесінде жаңа қызметкерге барынша қолдау көрсетеді.
Top Employers Institute өз әдіснамасы бойынша компанияларды персоналды басқару саласындағы озық халықаралық тәжірибелерге сәйкестікке тексереді. Сәтті сертификаттау үшін негізгі HR бағыттары бойынша аудиттен өту қажет: таланттарды басқару стратегиясы, кадрлық ресурстарды жоспарлау, жаңа қызметкерлерді бейімдеу бағдарламалары, оқыту және дамыту, еңбек тиімділігін бағалау, көшбасшылықты дамыту бағдарламалары, өтемақылар мен жеңілдіктер, корпоративтік мәдениет және басқалар. Аудитті Grant Thornton тәуелсіз консалтингтік компаниясы жүргізеді, бұл процестің ашықтығына кепілдік береді. Сондықтан мұндай сертификатты иелену бүкіл әлемде бағаланады және қазіргі қызметкерлер үшін де, үміткерлер үшін де өзіндік маркер болып саналады. Top Employers Institute өзінің 30 жыл қызметі аралығында 120 ел мен өңірдегі 1 600-ден астам ұйымды сертификаттады.