Қазақстандық футболшы Бақтияр Зайнутдинов ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті

0

Қазақстандық футболшы,  «Бешикташ» клубының спортшысы Бақтияр Зайнутдинов Түркия Суперлигасының 12-турында жарақат алып қалды, Бұл туралы Prosports.kz жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» клубының ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кеткен. Салдарынан Зайнутдиновтың бас сүйегі, көзі және мұрнына зақым келген. Осылайша, «Истанбул Башакшехирмен» болған ойынның 41-минутында жартылай қорғаушыны ауыстыруға тура келді.

Футболшы Ыстамбұлдағы ауруханалардың біріне жатқызылды.

Аталған ойында «Бешикташ» 1:0 есебімен жеңіске жетті.