«Тағы да үстел қосамыз»: Заңғар Нұртастың үйлену тойында қонақтар сыймай қалды

0

Шоу-бизнеске танымал өнерлі отбасы Айдарбековтер сүт кенжесі Заңғар Нұртастың үйлену тойын жасады. Тойға 300-ге жуық қонақ шақырып, ең қымбат мейрамханада жоғары деңгейде атап өтті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күйеу жігіт бір жылда екінші рет үйленіп жатыр.

“Көңілім қатты толқып тұр. Осы күнді ұзақ күттім. Өткен аптада келінімізді ұзатып алып келдік. Той өте жақсы өтіп жатыр. Бұл жолы Заңғар: “Үнемі 500 қонақ шақырып, игере алмай қаламыз. Аз адам шақырайық” деген болатын. 300 қонақ шақырып едік, әрқайсысы бір-бір адамнан ертіп келген сияқты. Шамамен 500-ге жуық қонақты күтуге тура келіп тұр. Мейрамхана әкімшілігімен келісіп, тағы да үстел жайып жатырмыз. Бір жағынан келін алып қуанып тұрсам, екінші жағынан қонақтарымыздың сыймай қалғанына уайымдап тұрмын”, – дейді продюсер ене.

Той барысында жұлдызды қонақтар әннен шашу шашып, өз ойларын бөлісті.

“Өзімнің бір ұлым мен қызым бар. Сол балаларыма қандай тілек тілесем Заңғар мен Индираға да дәл сондай жақсылық тілеймін. Өмірдегі сынаққа төтеп бере біліңдер. Гүлзира әпке өте жақсы ене. Балалары мен келіндері сондай тәрбиелі. Әкесі мен анасының жолын берсін! ”, – деп тілек жаударды Айнұр Тұрсынбаева.

Белгілі әнші, Абай Бегей: “Отбасы болу – өте қиын. Сол кезде бір-бірлеріңізді түсіну өте маңызды. Бірі ашуланса, бірі сабырға келсе отбасы беріктігі нығая түседі. Жастар бақытты болсын!”, – деп тілек айтты.

Алайда әулеттің үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімова мен оның балалары тойда төбе көрсетпеді. Желі қолданушыларының дені Жұлдыздың не үшін келмегенін білгісі кеп, жарыса болжамдарын жазып жатыр. “Жұлдыз келмек түгілі, әке-шешесін де шақырмаған”, “Ол келін жұлдыз ауруына ұшыраған. Кімнің арқасында сахнаға шыққанын білмейді”, “Осы әулетті жерге қарату үшін Жұлдыз әдейі келмеген” деп жарыса жазып жатыр.