Қазақстандық депутаттың заңсыз әрекеті әшкереленді – видео

0
2

Күдікті үйқамаққа алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі депутатты ұстау сәтінің видеосын бөлісті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тараз қаласында мәслихат депутатының парамен ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәслихат депутаты әрі әкімдікке қарасты ЖШС директорына қатысты тергеу шараларын бастады.

«Ол құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жалпы қамқорлығы үшін ақшалай қаражатты жедел аударғаны үшін заңды тұлға басшысынан қол астындағы қызметкері арқылы 1,5 миллион теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. Сот күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – деді Биғайдаров онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облыстық департамент басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шенеунік өз орынбасарын қызметке тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін 2 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталып отыр.

Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға шешім шығарды.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз