Қазақстандық биші ресейлік «Танцы» шоуында нешінші орын алды?
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ресейлік «Танцы на ТНТ» шоуының алтыншы маусымы өз мәресіне жетті. 2014 жылдан бері жарыққа шыққан жобаға бастапқыда ресейлік бишілер ғана қатысса, уақыт өте келе алыс-жақын шетелдің бишілері де қатыса бастады. Оның ішінде қазақстандық бишілер де бар.
Қысқаша айтып өтсек: биылғы маусымда үш команда болды. Финалға әр командадан екі қатысушыдан өтті.
Үшінші орынды Егор Дружин командасының бишісі, қазақстандық Саша Ли алды. Ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясының хореография мамандығын бітірген. Негізгі би бағыты – контемпорари.
Екінші орынды да Егор Дружинин командасының бишісі, израильдік Юви (Юваль Ламай/Yuval Lamay) алды. Ешбір маусымда нәзік жандылар жеңімпаз болып көрмеген, дәл осы маусымда қыздар арасында жеңімпаз болуға лайық бір адам болса, ол – Юви болатын.
Бірінші орынды Татьяна Денисова командасының бишісі Алексей Летучий алды. Дәл осы жеңімпаз төртінші маусымның кастингінен де өте алмаған, тіпті қуылған десе де болады. Бұл жолы ол бар күш-жігерін салып, жеңімпаз атанды және 3 000 000 рубль иеленді.
Естеріңізде болса, «Танцы на ТНТ» бағдарламасының үшінші маусым жеңімпазы – қазақстандық (ШҚО, Риддер қаласы) Дмитрий Щебет болған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ