Израиль әскерилері Палестина министрін тұтқында ұстаған

0
67

Жексенбі күні Израиль әскері Рамалл қаласындағы Йордан өзенінің Шығыс жағалауынан Палестинаның ауылшаруашылық министрі Суфян Сұлтанды тұтқынға алған.

Ақпараттарға сүйенсек, Израиль әскерилері Палестина министрін көліктен түсіріп, толықтай тінту жасап Рамалл аумағына қарасты Гиват Асав елді-мекеніне жеткізген. Алайда, барлық тінту аяқталғаннан кейін, Суфян Сұлтанды босатқандығы анықталды.

Қазіргі таңда бұл іске қатысты Палестина билігі өз мәлімдемесін жасады. Олардың ойынша,Израиль тарапынан жасалған мұндай жағдай Палестина министріне жасаған қысым мен тінту жұмыстары Халықаралық гуманитарлық заңдық талаптарды бұзып отыр.

“The Qazaq Times”