Қазақстандық байлар София Ротару үшін 200 мың еуро төлеуге дайын болып шықты — новости Казахстана

0

Украина мен Ресейде өнер көрсетуден бас тартып, Қазақстанға бет бұратынын айтқан София Ротарудың жаңа жылдық кештерде қанша гонорар алатыны белгілі болды. Бұл туралы dni.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

София Ротарудың украиналық және ресейлік жанкүйерлері биыл оның ән кештерде өнер көрсетуіне зәру болмақ.

Биыл әншіні өз кешіне шақыруға тіпті, қалталы тұлғалардың шамасы келмейтін көрінеді. Себебі былтырға қарағанда, биыл Ротарудың қаржылық талабы әлдеқайда өсіп кеткен.

Желтоқсан айында Ротарудың ән салуы жүз мың еуроны құраса, жаңа жылдық жиындарда бұл сомма екі есеге көбейе түседі. Яғни, әншіні меркелік шараларда көру үшін 200 мың еуро төлеу қажет.

Танымал жұлдыздың талабын орындай алатын адамдар Украинадан табылмай қалған. Алайда, София Ротарудың ән салуы үшін қомақты қаражат жұмсауға әзір адамдар Қазақстаннан табылған.

«София Ротару қызық жағдайға тап болды. Ресейге барудан бас тартып жатыр. Ал Украинада оның қаржы талабын қанағаттандыратын ешкім табылмады. Алайда, көмек Қазақстаннан келді. Бұрынғы кеңес одағының ең бай адамдары қай елде екені енді белгілі болды. Олар қартайған әнші үшін 200 мың еуроны да төлеуге әзір. Әйтеуір танымал зейнеткердің күн көруіне көмегін тигізіп жатқандарына шүкір» , — дейді Ресей мемлекеттік думасына қарасты ақпараттық қоғамды дамыту кеңесінің мүшесі Вадим Манукян.

Айта кетейік, бұған дейін София Ротарудың Ресей мен Украинада өнер көрсетуден бас тартқаны туралы жазған болатынбыз. Әнші екі ел өзара келіспеушілігін шешіп алмайынша, Қазақстанда ән салатынын хабарлаған.