Түркістан облысында екі адам газдан уланып көз жұмды

0
135
Түркістан облысында екі адам газдан уланып көз жұмды


Қайғылы жағдай Мақтарал ауданындағы Атакент кентінде орын алған.

Облыстағы газ таратушы мекеменің хабарлауынша, марқұмдардың мәйіті 23 желтоқсан күні күндізгі сағат 12:50-де өз үйлерінен табылған. Қайтыс болғандар 21 және 29 жастағы ер адамдар екені анықталды.

«Оқиға орнына келген авариялық-құтқару бригадасының мәліметінше, үйдің ішінде ирандық жылыту камині орнытылған. Оның иіс шығаратын мұржасы шелекпен жабылғаны анықталған. Оның үстіне үйдің ішіне газ құбырларын тарту жөніндегі келісімшарттың жоқтығы белгілі болды. Қазір қайғылы жағдайдың себеп-салдары анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат