Қазақстандық әнші Ресейдегі танымал телешоуда жеңіске жетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Ресейлік «Маска» шоуының жеңімпазы қазақстандық әнші, MBAND тобының бұрынғы қатысушысы Анатолий Цой болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Цой

«Маска» шоуының төрешілері Филипп Киркоров, Валерия, Гарик Мартиросян, Тимур Родригез, Регина Тодоренко болды. Бүкіл телешоу бойы олар бетперденің артында кім жасырынғанын анықтауға тырысты. Соңғы шығарылымда төрт кейіпкер қалды — арыстан, қасқыр, тоқылдақ және бұғы.

Анатолий Цой арыстанның киімін киді. Төрешілер бұл костюмде өзге әнші өнер көрсетеді деп болжады.

Финалда Цой Chandelier әнін шырқады.

«Шынымды айтсам, мен әлі күнге дейін сенбеймін. Финалистердің әрқайсысы жеңіске лайық болды, және мен жеңе алмайтыныма сенімді болдым. Барлығыңызға рақмет», — деді Анатолий.

Айта кетейік, Анатолий Цой 1989 жылы 28 шілдеде Алматыда дүниеге келген. «Хочу к Меладзе» ресейлік телешоуының жеңімпазы. 2007 жылы SuperStarKZ жобасының төртінші маусымында қатысты. MBAND тобының бұрынғы солисті.

https://www.youtube.com/watch?v=RVb-VtBbkwI

 

stan.kz