Қазақстанда әйелдер түрмесінен коронавирус табылды

0

Сотталған жүкті әйел Іле ауданындағы Орталық аудандық ауруханада екі рет тексерілген, кейін бұл мекеме карантинге жабылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Жауғашты кентіндегі әйелдер түрмесінде сотталғандардың бірінен коронавирус табылды. Әйелдің аяғы ауыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол босануға дайындалуына байланысты бұған дейін Іле ауданының Орталық аудандық ауруханасына екі рет қаралған. Кейінірек медициналық мекемедегі пациенттердің індетке шалдыққаны анықталып, аурухана карантинге жабылды, деп мәлімдеді қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Инфекция анықталғанға дейін жүкті әйел түрменің медициналық бөлімінде емделіп жатқан сотталғандардан оқшау жатқан.

Әйелде коронавирустың айқын белгілері болмаған. Десе де, аудандық аурухана карантинге жабылғаннан кейін, ол колония аумағындағы медициналық бөлімнің жеке палатасында қаралды.

Тағы оқыңыз: Таразда әскери бөлім карантинге жабылды

Кейінірек ол перзентханаға жату үшін тағы тексерістен өтті. Анализ коронавирус барын көрсеткен. Осыдан кейін науқас жедел жәрдеммен бірден ауруханаға жеткізілді.

Әйелмен байланыста болған сотталушылар инфекциялық изоляторға ауыстырылды, олардан анализ алынды. Сондай-ақ, қазіргі таңда мекеменің барлық қызметкері мен жазасын өтеп жатқандар вирусқа тексеріліп жатыр.

«Мекемеде санитарлық-дезинфекциялық шаралар күшейтілді, медицина персоналы обсервациялық шаралар жүргізіп жатыр. Инфекциялық изоляторда вирусқа қарсы және емдік препараттар жеткілікті», – деді комитеттен.

Іле ауданы бас санитар дәрігердің қаулысымен мекемеде шаруашылық, өзге де қызмет және халық өмірінің ерекше шарттарымен карантин режимі енгізілді. Жеке құрам казармалық жағдайға көшті, оларға мекеме аумағынан шығуға тыйым салынды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз