Қазақстандық әлем чемпионы Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілінді
Жүгіруден қазақстандық әлем чемионы Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.
Стипль-чезден әлем чемпионы атанған Джеруто уақытша жарыстардан шеттетілді.
«Спортшы антидопинг ережелерін бұзып, тыйым салынған әдіс немесе субстанция қолданды деп күдіктеледі», — деп мәлімдеді Sports.ru басылымы.
Спортшы 2022 жылдан жастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Былтыр Джеруто 3 000 метр қашықтықты кедергілермен жүгіріп өтіп, әлем чемпионатында алтын медаль жеңген еді.
Нора Джерутоны жарыстан шеттету туралы шешімді жеңіл атлетикадағы теріс құбылыстармен күрес бойынша тәуелсіз орган қабылдады.