«Мой город» басылымының редакциясына «бомба» қойылды

0

Оралда 7 сәуірде кешкісін полиция “Мой город” редакциясы кеңсесіне “бомба қойылды” деген ақпаратты тексерді. Бұл жөнінде портал хабарлады, деп жазды Ulysmedia.kz.

Полицияның мәліметінше, белгісіз біреу электронды жәшікке хат жазып, ғимаратқа 100 кило тротил қойылғанын, “бомба” таймердің көмегімен іске қосылатынын хабарлаған. Кейін полиция Андрей Петров есімді “орыс шахидінен” хат келгенін, оның “бомбаны іске қосамын” деп қоқан-лоқы жасағанын айтқан.

Фактіге байланысты іс тіркелген. Іздеу-тексеру кезінде ғимараттан жарылғыш зат табылмаған.

“Біздің редакцияны “миналау” кімге және не үшін керек болғаны түсініксіз”, — деді “Мой город” бас редакторы Анель Кайнеденова.