Қазақстанды «Сібір күші-2» газ құбырына қосуға техникалық мүмкіндік бар – Ресей СІМ

0

Қазақстан ресейлік газ құбыры арқылы Шығыс Қазақстан өңіріне газ тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан — Sputnik. «Сібір күші – 2» газ құбырының Қазақстанды  қосуға техникалық мүмкіндігі бар. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрлігі ТМД елдері департаментінің директоры Александр Стерник айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

«Мұндай сұрақтарды ресми түрде сауал түскенде ғана талқылауға болады. Техникалық тұрғыдан алғанда, біздің білуімізше, қосуға мүмкіндік бар», — деді Стерник.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанның энергетика министрінің орынбасары Махамбет Досмұхамбетов Шығыс Қазақстан облысына газ тарту мәселесін «Сібір күші-2» газ құбырына қосу арқылы шешу мүмкіндігін зерттеп жатқанын хабарлаған еді.

«Сібір күші – 2» газ құбыры

Әуелі бұл жоба «Алтай» деп аталған. Газ құбыры Батыс Сібір мен Қытайдың батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданындағы газ кен орындарының аралығында тартылады. Ол жерде құбыр «Батыс-Шығыс» қытайлық газ құбырына қосылуына мүмкін.

Қазақстан Ресейге «Сібір күші-2» газ құбырын өз аумағы арқылы өткізуді ұсынды, ары қарай ол Қытай нарығына шығады.



sputniknews.kz