Қазақстандағы «жасы келген» облысы әкімі — Амандық Баталов
Қазақстандағы ең жас облыс әкімі әлі 40 жасқа толмаған, ал ең үлкені 68 жаста.
Ranking.kz мәліметінше, елдің аймақтық әкімдерінің орташа жасы 55 жасты құрады (54,8).
Еліміздің ең жас облыс әкімі — Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 40 жаста. Еліміздің ең жас әкімі қызметіне 38 жасында келген.
Ең үлкен әкім Алматы облысын басқарады. Амандық Баталовтың жасы — 68-де. Ең үлкен әкім 2014 жылдың 20 тамызынан бастап облысты 7 жылдан бері басқарып келе жатыр.
Қазақстанның 17 аймағының тек бір аймағын әйел басқарады: Гүлшара Әбдіхалықова — Қызылорда облысының әкімі, ол 56 жаста. Ол өткен жылдың наурыз айының соңында Қызылорда облысы әкімі қызметіне кірісті.
Тағы бір әкім, Жамбыл облысы әкімшілігінің басшысы Бердібек Сапарбаев 68 жасқа толды.
Аймақтық әкімдер арасында Алматы облысының әкімі қызметте ең ұзақ (6,7 жыл), ал ең азы — Қызылорда облысының әкімі (1,1 жыл).
Әкімдердің барлығы дерлік екі тілде ғана — қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді. Бір ерекшелік — Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қызылорда және Жамбыл облыстарының әкімдері қазақ және орыс тілдерінен басқа ағылшын тіліндеде сөйлейді. Жамбыл облысының әкімі түрік тілін де біледі екен.