Лифтті ұрып, айнаны сындырды: Алматылық ер адамның видеосы жұртты шошытты

0
252

Алматылық ер адамның әрекеті жұртты шошытты.

Бала ертке ер адам лифтті тепкілеп, айнаны сындыруға әрекет жасайды.

«Балаға обал, оның жылап тұрғаны көрінеді» деп жазды желі қолданушылары.

Адамдардың көбі осындай адамдармен бірге өмір сүретін балаларды аяп пікір жазды.

«Алматы қаласы 8-ықшам аудандағы 41/6-үй. Енді лифт неге жиі бұзылатыны түсінікті болды», – деп жазды желі қолданусының бірі.

Алматы қалалық Полиция департаменті атап өткендей, бұл дерек бойынша ешкім арыз жазбаған. Алайда тексеру шаралары ұйымдастырылады.

«Бұл адам анықталып, оның іс-әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі. Біз оның мұндай іске не үшін барғанын анықтаймыз»,- деді МӘуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету