Қазақстандағы қайырымдылық: тәжірибе, трендтер, болашағы

0

Елордалық жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін қайырымдылық туралы дәрістер өткізіледі. 

Экономист Олжас Құдайбергенов, белгілі журналист Бибігүл Жексенбай, еріктілер қозғалысының белсендісі Данара Саранова, «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Азамат Божаков және американдық бизнесмен және меценат Дэвид Валера елордалық жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған дәрістерге спикер ретінде қатысады.

Дәрістер қазан айында ZOOM алаңында онлайн форматта ұйымдастырылады, деп хабарлады «Арнау» Даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі.

Спикерлер қайырымдылық көрсетудің жеке тәжірибесі туралы айтып, еліміздегі қайырымдылықты дамыту перспективалары туралы пікірлерімен бөліседі, саланы дамытудың негізгі трендтеріне сипаттама береді, сондай-ақ Қазақстанда меценаттықты ынталандыру үшін өз ұсыныстарын айтатын болады.

АҚШ/Қазақстан Сауда кеңесінің президенті Дэвид Валера АҚШ-та қайырымдылық және меценаттық мәдениетті танымал етудің негізгі аспектілерін ашады, сондай-ақ американдықтар арасында қандай әлеуметтік жобалар кең қолдау табатыны туралы әңгімелейді.

Барлық дәрістер презентация түрінде көрнекі материалдармен сүйемелденеді.

«Студенттерге жобаны жүзеге асыру барысы мен қайырымдылықпен айналысудың әлеуметтік маңызы туралы арнайы дайындалған роликтер көрсетіледі. Сонымен қатар, қайырымдылық туралы арнайы сайтта орналастырылған ақпараттық материалдармен танысу мүмкіндігі ұсынылады», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Қатар дәрістер Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылатын «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы шеңберінде өткізіледі.