Қазақстандағы коронавирустан көз жұму көрсеткіші әлемдегі жағдайдан әлдеқайда төмен – сарапшылар – Қазақстан жаңалықтары

0
6

Қазақстандағы коронавирустан көз жұму көрсеткіші 1,1%-ды құрап отыр. Бұл әлемдегі жағдаймен салытырғанда 6,1%-ға төмен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

коронавирус

13 сәуір күнгі жағдай сәйкес әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 2 миллионға жуықтап келеді. Жұқпалы инфекция 114 мың адамның өмірін қиған. 405 мың адам аурудан айығып шығыпты.

Қазіргі таңда Еуропала өлім деңгейі ең жоғары көрсеткіш – 8,6%-ды құрап отыр. Ең аз көрсеткіш Океания мемлекеттерінде: нәбәрі 0,8%.

Азияда бұл индекс 3,7% жетіп тұр.

Бұған дейін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері келесі бір-екі аптада коронавирустың таралу деңгейі шарықтау шыңына жетеді деп айтып кетіпті.

«Соңғы төрт күнде коронавирус жұқтырғандардың көрсеткіші күр өсіп кетті. Бұған дейін бұл көрсеткіш 3-10%-дың аралығында болған еді. Еліміздегі эпидемияның шарықтау шыңы әлі алда екенін айтқымыз келеді», – дейді министрліктің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова.

Еске салайық, Қазақстанда осымен 11-ші науқас коронавирустан көз жұмып отыр. Ол – 41 жастағы ШҚО-тұрғыны.

stan.kz