Қазақстандағы ең жемқор университеттер анықталды – Қазақстан жаңалықтары

0
41

«Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев елдегі ең жемқор университеттердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Жас Отан«Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев «Таза сессия» акциясының екінші кезеңінің қорытындысын шығарды. Ол еліміздің ең жемқор жеке жоғары оқу орындарының жетеуін атады.

«Көшбасшылар» үштігіне Нұр-Сұлтандағы медициналық университет, Түркістан облысындағы «Сырдария» университеті және Алматы Қазақ туризм және спорт академиясы кірді.

«Jas Otan» жастар қанаты 2019 жылдың қараша айының соңынан бастап студенттер арасында анонимді сауалнама жүргізді. Ол 60-қа жуық жеке білім беру мекемелерін және 20 мыңнан астам білім алушыны қамтыды. Барлық сұрақтар оқу үрдісінде парақорлық тақырыбына қатысты болды. Оның басты себебі – жастарда оқуға деген қызығушылықтың төмендігі.

«Сонымен қатар, оқытушының еңбекақысының төмен деңгейі, кәсібиліктің төмен деңгейі. Мұнда біз де ішінара келісеміз, өйткені адам кәсіби емес, құзырлы емес болса, оның мінез-құлқы мәдениеті төмен, мұғалім ретінде ол пара алуға мүмкіндік береді. Тексеру нәтижелері бойынша  «Jas Otan» ұсыныстар жасайды және оларды білім беру ұйымдарының басшылары мен ҚР Білім және ғылым министрлігіне жібереді», – деді Елнұр Бейсенбаев.

stan.kz