Қазақстандағы ауруханалардың емделушілеріне коронавирусқа міндетті ПТР-тест енгізілді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда барлық науқас жоспарлы және шұғыл госпитализация кезінде коронавирусқа ПТР-тестін (полимеразды тізбекті реакция әдісі) тапсыруға міндеттеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жарлығына сәйкес ауруханаларға госпитализацияға жіберілген науқастар коронавирустық инфекцияға тексерілуі керек. Жоспарлы госпитализация кезінде пациенттер тіркелген жердегі клиникада коронавирус инфекциясын анықтау үшін ПТР тексеруден өтеді. Емханалардың оқытылған мамандары материал алуды жүргізеді, содан кейін олар шарт жасалған зертханаға зерттеуге жібереді. Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша 3 зертхана бар. Олар: қалалық ЖИТС орталығының, «Medical Partners Korea Clinic» корейлік медициналық орталығының және «Олимп» КДЛ зертханалары. ПЦР диагностикасы үшін емханалардың шығындарын өтеу әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылады», — деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Сонымен қатар, ол шұғыл госпитализациялау туралы сөз қозғады.

«Жедел госпитализацияға келер болсақ, бұл мәселенің шешімі ұқсас. Аурухана ПТР диагностикасын жүргізетін зертханалармен келісім жасасады. Бұл ретте өтемақылар әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленеді. Сонымен қатар, емделушілерді коронавирус инфекциясына ақылы негізде тексеруге болады», — деді Тілеухан Әбілдаев.

stan.kz