Қазақстанда жыл басынан бері 236 адам суға кеткен

Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, жаз маусымы басталғалы Қазақстанда 236 адам (былтыр 211 адам) суға кеткен. Олардың 82-сі – бала (былтыр 62 бала).
Комитеттің дерегінше, қайтыс болғандардың көбі мас күйінде суға түскен мен тыйым салынған жерлерге шомылған. Ал суға кеткен балаларды ата-анасы қараусыз қалдырған.
Ведомства ата-аналар балалары су қоймаларының, арықтардың және каналдардың маңында жүргенде оларды көзден таса қылмай, қарауды ескертеді.