Сеул Пхеньянның ескертуіне қарамастан АҚШ-пен әскери жаттығу өткізбек

0
38

Оңтүстік Корея әскерилері АҚШ-пен біріккен әскери жаттығу жүргізетін мәлімдеді. Бұған дейін Солтүстік Корея «егер біріккен әскери жаттығу өтсе, Пхеньян мен Вашингтон арасындағы ядролық келіссөзге қауіп төнетінін» жеткізген.

5 тамызда Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі бұл әскери жаттығуды «Корей түбегіндегі әскери жағдайға дайындық» деп сипаттады. Сеул егер түбекте қандай да бір жағдай болса, әскерилерді Вашингтоннан басқарылатынын жеткізді.

Елдің қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, біріккен әскери жаттығу – Оңтүстік Корея әскерінің мүмкіндігін байқап көру.

АҚШ пен Оңтүстік Корея арасындағы қазіргі қауіпсіздік келісіміне сай, егер қандай да бір соғыс болған жағдайда әскери қимылды Вашингтон басқарады. Сеул бұл шартты өзгертуге бірнеше жылдан бері талпыныс жасап келеді.

АҚШ пен Оңтүстік Корея арасындағы әскери жаттығу жиыны Солтүстік Кореяның шағын радиусты ракеталарды сынаған тұста өтпек. Пхеньян бұл сынақтарды Сеул мен Вашингтон арасындағы әскери жаттығуға «ресми ескерту» деп атаған.

Azattyq