Қазақстанда жаңа 5 000 теңгелік банкноталар айналымға шықты (фото)
Қазақстанда жаңа дизайндағы 5 000 теңгелік банкноталар айналымға шықты. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан ұлттық банкі 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды.
“Бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол дәстүрлі қазақ ою – өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген”, – делінген ұлттық банк хабарламасында.
Сонымен қатар, ұлттық банк ескі 5 000 теңгелік банкноталардың айналымнан алынатынын атап өтті.
“Номиналы 5 000 теңге болатын жаңа банкноталар 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналымға енеді және жыл бойы айналымдағы 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңге болатын ұлттық валюта банкноталарымен ауыстырылады”, – делінген хабарламада.
фото: Vecher.kz/Нурбосын Орысулы