«Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар!»: Нұржан Керменбаев Элизат Беріковамен көңіл қосты дегендерге жауап берді

0
Жақында әнші Элизат Беріковамен көзге түскен Нұржан Керменбаев әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жауап берді.

«Лашын» тобының экс-мүшесі Элизат Беріковамен көзге түскен Нұржан Керменбаев әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Тыңдармандарымыз жеке өмірді емес, дәл осылай шығармашылығымызды зерттесе ғой. Жазған әндерімізге мән беріп, сөзін түсініп тыңдаса ғой. Ол жақта да пікір жазуға болатын көп ой жатыр. Өсек пен төсекке қызықпай, шығармашылыққа және одан да артық дүниеге мән берейік, достар! Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар! Барлығыңызды құшақтадым», – деп жазды өнер иесі.

фото: ашықдереккөз