Қазақстанда заңсыз түрде гранатомет саудасымен айналысқан полицей ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақтардың заңсыз тасымалымен айналысып жүрген азаматтарды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Ресми ақпаратқа сүйенсек, заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды.

«Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке  тартылды.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды.

2020 жылғы 27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды.

stan.kz