Қазақстанда үш педофилге химиялық кастрация жасалады

Қазақстанда үш педофилге химиялық кастрация жасалатын болды. Бұл жайында еліміздің бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлім етті.

Шығыс Қазақстанның 63 жастағы тұрғыны кәмелет жасына толмаған қыздарды зорлағаны және оларды азғырғаны үшін айыпталды.
Сондай-ақ химиялық кастрация кәмелетке толмаған қызды зорлаған Қызылорда облысының тұрғынына да қолданылады.
Бұл жазаға тартылатындардың үшіншісі Қарағанды облысының тұрғыны.
NUR.KZ